«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 786 Қаулысы (күші жойылды)
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 786 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1113-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, тиісті лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуетті қызметтер беруші - ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға үміткер заңды (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға;
Документ утратил силу
Демо – версия документа