«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 762 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 762 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
«2. Ведомстволық наградалармен марапаттау» (ведомстволық наградалардан айыру) тәртібі» деген бөлімде:
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия ведомстволық наградалармен марапаттауға (ведомстволық наградалардан айыруға) объективтi көзқарасты қамтамасыз ету үшiн осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградаларының тiзбесiнде айқындалған орталық мемлекеттiк органдарда жауапты хатшының бұйрығымен тұрақты негiзде құрылады.»;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Орталық мемлекеттiк органның жауапты хатшысы Комиссия шешiм шығарған сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күн iшiнде:»;
15, 17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны мемлекеттiк органның жауапты хатшысының тиiстi бұйрығы қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде мемлекеттiк органға қайтарады.»;
«17. Ведомстволық наградаларды тапсыруды орталық мемлекеттiк органның жауапты хатшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды адамдар жүргiзедi.
Демо – версия документа