(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1119 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 Қаулысымен бекітілген
«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
Осы редакция 2013 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушыда электронды цифрлы қолтаңба болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1, 2, 3-тармақтары;
2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтары;
3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;
4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;
5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;
6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Редакция документа
Демо – версия документа