«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 187-ө-н бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 187-ө-н бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 33 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа