(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.14.03 № 245 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 жыл, № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi, Жол полициясы комитетi және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ведомстволары бар.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа