«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 529 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3)тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат; № 35, 456-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
10-тармақтың 6) тармақшасында «құрайды» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
8) өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган құрайды.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету.»;
1) тармақшасының 7-10 абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдарды «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалайды.»;
Демо – версия документа