Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.10 № 1725 ҚАУЛЫСЫ

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 Қаулысы

(2012.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын одан әрі дамыту мақсатында және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту мақсатында оның инвестициялық тартымдылығын арттыру;

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың оңтайлы моделін белгілеу;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кәсіптік оқытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку