Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2012.20.07 № 346 БҰЙРЫҒЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 346 бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:

51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері кепілдікті қызмет көрсету және техникалық қолдау жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, есептеу техникаларын, телекоммуникациялық жабдықтарды, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және дамыту қызметтерін жоспарлаған кезде бюджеттік өтінімге тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірлігі құнын негіздейтін құжаттарды бере отырып, ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қорытындысы берілуі тиіс.»;

52-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«52. 01-452 нысаны (54-қосымша) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, кепілдік қызмет көрсету және техникалық қолдау жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, операциялық жүйелерді және деректер базаларын басқару жүйелерін сатып алуға шаралар жоспарлау кезінде толтырылады.».

2. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:

60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку