Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1584 Қаулысы

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1584 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

6-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-2) ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан және зерттеуден өткізу жөніндегі мемлекеттік ұйым;»;

«4-3) ғарыш инфрақұрылымы объектілері;»;

7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарда:

1-тармақ 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) сырғыма перде - үй-жайларды немесе аумақты бөгде адамдардың кіруінен қорғауға, мүліктің және терезелер мен есіктердің тұтастығын сақтауға арналған, адамдарды және материалдық бағалы заттарды кедергісіз эвакуациялауға мүмкіндік бере отырып, жедел жағдайларда ішкі жағынан тез ашылады;»;

1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) механикалық қорғау құралдары - ғимараттар мен үй-жайлардың әр алуан бекіту құрылғыларымен (құлыптар, жапсырмалар, торлар, сырғыма перделер және т.с.с) жабдықталған, объектілерді бұзып кіруден тиісінше қорғауды қамтамасыз ететін және кіруді, сондай-ақ ұрланған заттар мен бұйымдарды алып шығуды барынша қиындататын конструкциялық элементтердің (қабырғалар, еден, төбе, есіктер, терезе жақтаулары) жиынтығы;»;

4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку