Хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1655 қаулысымен
бекітілген
Хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу
қағидалары
Осы Қағидалар «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) берген субъектілердің тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді.
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші - хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
2) қабылдайтын ұйым - хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы;
3) хабарлама - қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат;
4) соңғы қабылдаушы - қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлаған субъектілердің тізілімін жүргізетін мемлекеттік орган;
5) тізілім - қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімі.
2. Тізілім осындай міндет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.
3. Тізілімде мынадай міндетті ақпарат қамтылады:
1) хабарламаның түскен күні мен уақыты;
2) заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайлары, қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайлары;
Документ утратил силу
Демо – версия документа