Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 1655 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа
қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау
қағидалары

 

Осы Қағидалар «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдаудың тәртібін белгілейді.

1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) өтініш беруші - хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;

2) қабылдайтын ұйым - хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы;

3) хабарлама - қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат;

4) соңғы қабылдаушы - қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлаған субъектілер тізілімін жүргізетін мемлекеттік орган.

2. Хабарламаларды қабылдау үшін қабылдайтын ұйымдарда тиісті үй-жайлар жабдықталады, оларда:

1) кезек күту орындары;

2) хабарлама толтыру үлгілері және өзге де қажетті ақпараттары бар ақпараттық стенділер;

3) хабарламаларды қабылдау бойынша қабылдайтын ұйымның және соңғы қабылдаушының жұмыс кестесі;

4) шағымдар және ұсыныстар жинау үшін жәшіктер көзделуі тиіс.

3. Қабылдайтын ұйым оларды толтыру үшін өтініш берушілерге хабарлама нысандарын беруді тегін қамтамасыз етуі тиіс.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку