«Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1507 Қаулысы (күші жойылды)
«Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1507 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 78-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы»;
2) 1-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғаларға бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн беру жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиiстi құрылымдық бөлiмшесi жергiлiктi атқарушы органның жұмыс органы болып табылады.»;
8-тармақтың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа