«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1466 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1466 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) көліктің барлық түрлерін және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын қалыптастырады және жүргізеді;
2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтажына болжамдар әзірлейді;
3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) келісімдер мен шарттар жасау құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республиканың мүдделерін білдіреді;
5) көлік және коммуникация саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды;
7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, көлік және коммуникация саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысады;
Документ утратил силу
Демо – версия документа