«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1494 Қаулысы (күші жойылды)
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1494 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
34-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.»;
37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Ереженің 34-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық актісі болмаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебі көрсетіле отырып қайтарылады).»;
157-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа