«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1423 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1423 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 21-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне тапсырыс берушілер (бұдан әрі - тапсырыс берушілер) ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша үш жылдық кезеңге алдын ала өтінімдер ұсынады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс берушілер осы ескертулер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде алынған ескертулерді ескере отырып, уәкілетті органға алдын ала өтінімдерін қайта ұсынады.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс берушілер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарында өздерінің бюджеттік өтінімдері құрамындағы қорғаныстық тапсырыстың тізбесін (номенклатурасын) қорғайды.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа