Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1269 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1269 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ережеде:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкімет құрамына кірмейтін, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.»;

13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) діни қызмет және діни бірлестіктердің, миссионерлер мен діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметі саласында елде болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку