Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттаманы келiсу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 27 шілдедегі

№ 981 қаулысымен  

бекітілген

 

 

«Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттаманы келiсу»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 9) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат уәкілетті органның www.mts.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі спорт ғимараттарын салуға арналған жобалау құжаттамасын қағаз жеткізгіште келісу, не болмаса мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы уәкілетті органға жүгінген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку