Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Павлодар қ., 2012 жылғы 19 қыркүйекте)

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы
 Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
 келісімге өзгерістер енгізу туралы
 хаттама
(Павлодар қ., 2012 жылғы 19 қыркүйекте)

 

ҚР 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 86-V Заңымен ратификацияланды

2013 жылғы 31 шілдеде күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісімді негізге ала отырып,

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы қатынастарды дамыту мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 


1-бап

 

Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

а) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

 

 

«6-бап

 

Тараптар Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында бекітілген мұнай өнімдерінің индикативтік баланстарына сәйкес көлемде Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу үшін жағдай жасайды.

Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку