Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 573 Қаулысы (күші жойылды)

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 573 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:

7-1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.»;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку