Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 117 бұйрығы (2017.28.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 117 бұйрығы

(2017.28.07. берілген өзгерістермен)

 

Азаматтық авиация саласындағы қызметті ретке келтіретін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017.28.07. № 509 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 бойынша тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 26 шілдеде № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шілдеде № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шілдеде № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шілдеде № 107 (2098) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулықта:

мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

«37-1. Әуеайлақтық диспетчерлік орталық (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті) пен аудандық диспетчерлік орталықтың (аудандық диспетчерлік пункті) диспетчерлік пункттері жабдықтарының бақылау тізбесі осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді.»;

мынадай мағынадағы 21-1 тараумен толықтырылсын:

«21-1. ӘҚҰ органы мен аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметінің арасын үйлестіру

429-1. Аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметі әуе қозғалысының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттар құжатын ӘҚҰ органына береді. Мұндай құжаттарға:

1) Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағы (AIP);

2) Қазақстан Республикасының әуе трассасы мен жергілікті әуе желісінің тізбесі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции