«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 352 Қаулысы (күші жойылды)
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 352 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекітілген айлар бойынша бөлінген міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекітеді және бір уақытта өздеріне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларын:
республикалық бюджет бойынша - «Қазынашылық-клиент» ақпарат жүйесі (бұдан әрі - «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қызмет көрсеткен кезде өзінің орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге қағаз және магнит тасығыштарында - осы Ереженің 2-1,4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойған осы Ереженің17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген түпнұсқаларын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа