Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

бүкіл мәтін бойынша «І», «II», «III», «IV», «V», «VI», «VII» деген бөлімдердің нөмірленуі тиісінше «1», «2», «3», «4», «5», «6», «7» деген араб цифрларымен белгіленсін;

IV «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі» бөліміндегі 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың келесі онжылдыққа арналған жаңа тәсіліне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолютті мәні 8 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тіркеу жаңалық енгізу болып табылады.

Бұл ретте республикалық бюджетке берілетін тіркелген кепілдендірілген трансферттің мөлшері экономикадағы жағдайға байланысты 15 %-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку