«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 343 Қаулысы (күші жойылды)
«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 343 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 782 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді не тұрғылықты жерін ауыстырған кезде тіркеуден шығаруды жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырады.
Ішкі көшіп-қонушы тіркелген жер оның заңды мекенжайы болып табылады.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Босқындарды қоспағанда, тіркеуге жататын ішкі көшіп-қонушылар бұрынғы тіркеу орнынан есептен шыққан күннен бастап он күн мерзімде халыққа қызмет көрсету орталықтарына мынадай құжаттарды:»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығаруға мынадай ішкі көшіп-қонушылар:»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа