Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 277 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
 
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
 қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жүйе бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың (бұдан әрі - тиімділікті бағалау) негізгі ережелерін, қағидаттарын, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесін, тиімділікке бағалау жүргізу мен олардың нәтижелерін айқындау әрі нәтижелерге шағымдану тәртібін, сондай-ақ тиімділікті бағалауға қатысушылардың жауапкершілігін айқындайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі:

1) бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпаратты;

2) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың бағаланушы мемлекеттік органдарға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;

3) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) шағымдану рәсімдерінен кейінгі тиімділікті бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку