Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1621 Қаулысы (2013.19.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1621 Қаулысы

(2013.19.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.19.06. № 636 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында:

3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді және экономикалық өсу орталықтарын айқындау өлшемдерін экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін болады.

Республикалық маңызы бар қаладан, астанадан және Қарағанды қаласынан басқа, жергілікті атқарушы органдар белгіленген өлшемдер негізінде облыстағы экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің және экономикалық өсу орталықтарының тізбесін айқындайды және оны экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции