«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1703 Қаулысы (күші жойылды)
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1703 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 41, 467-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік мекемелерді, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пилоттық ұйымдарды және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін қоспағанда, медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
Бюджет қаражаты есебінен салынған, пайдалануға берілгеннен кейін ТМККК-ні орналастыруға алғаш рет өтінім берген жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілеріне комиссия ТМККК-ні орналастыруды олар осы Ереженің 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес болған және оларға ТМККК орналастыру рәсіміне рұқсат етілген деп таныған жағдайда жүзеге асырады.»;
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа