«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 Қаулысы (2025.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 Қаулысы
(2025.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2017.20.10. № 660 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2025.24.04. № 264 Қаулысымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Кәсіпорын дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2025.24.04. № 264 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа