Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ М.А.2009.10.11 № ...

Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 Бұйрығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі марапаттауының мынадай түрлері бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының негізінде:

1) мінсіз адал еңбегі және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі үшін;

2) медицина ғылымын, білім беруді және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;

3) денсаулық сақтау саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін марапатталады.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысы денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының негізінде:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атаулы тапсырмаларын тиісті деңгейде және адал орындағаны үшін;

2) лауазымдық міндеттерін және аса маңызды әрі күрделі тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны үшін жарияланады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку