«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 990 Қаулысы (күші жойылды)
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 990 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын арттыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту жөніндегі қаулысының жобасында ағымдағы нысаналы трансферттер бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде, нысаналы даму бағдарламалары - инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.»;
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«143. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар өздері әкімшілік ететін түсімдердің мониторингін жүзеге асыру үшін жазбаша өтініштің негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен төлеушілер бөлінісінде түсімдер туралы ақпаратты бюджет түсімдерінің сыныптамасының коды бойынша алады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа