«Өнімділік 2020 бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 999 Қаулысы (күші жойылды)
«Өнімділік 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 999 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
керсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында:
«Кіріспе» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«басқару және өндірістік технологиялар - белгілі бір алгоритм бойынша түрлі бейінді кәсіпорындарда орындалатын немесе өндірісті және еңбек өнімділігін тиімді ұйымдастыруды арттыруға бағытталған ғылымның, техниканың және қоғамның жалпы жетістіктерін пайдалана отырып ақпараттық, есептеушілік, ұйымдастырушылық, өндірістік және логикалық іс-қимылдардан тұратын басқару және өндіріс үдерістерін орындау жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар кешені.»;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
«Бағдарламаға қатысу тәртібі» деген 2-кіші бөлімде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды Бағдарлама әкімшісіне, өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.»;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құрал операторының оң шешімі болған кезде, Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:»;
«Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер» деген 3-кіші бөлімде бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.»;
«Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөлімде:
«Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері» деген төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа