Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 684 Қаулысы

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 684 Қаулысы

 

Республика аумағын оңтайлы игеруді қамтамасыз ету, халықтың тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау және келешек буынның қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базасын құру, сондай-ақ Каспий қайраңының қазақстандық секторында Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін:

1) республиканың минералдық шикізат базасын ұдайы өндіру;

2) геологиялық барлау жұмыстары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

3) пайдалы қазбалар кенорындарын іздестіруді және бағалауды қоса алғанда, жер қойнауын геологиялық зерделеуді жүргізу;

4) геология саласында ғылымды қажетсінетін және тиімді жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;

5) алынатын геологиялық ақпараттың деректер банкін сақтау, өңдеу, жүйелендіру;

6) қоғамға берілетін геология саласы ұйымдарының акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) тиімді басқару.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку