«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 667 Қаулысы (күші жойылды)
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 667 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
156-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекеме бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 433 «Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу» ерекшелігі бойынша:
мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының;
мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді жүргізу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемді жүзеге асырады.»;
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«190. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;
төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігін;
төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа