«Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 18 мамырдығы № 137 бұйрығы (күші жойылды)
«Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 18 мамырдығы № 137 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарында (бұдан әрі - Талаптар):
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Инвестицияларды алушы - қаражатты жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін түпкілікті алушы болып табылатын, Инвестициялар есебінен іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қатысушылар - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа