«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 165 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 165 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 12, 86-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3 - 7 абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
156-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекеме негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде 413 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 50 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырылады.
Бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру үшін мемлекеттік мекеме 424 «Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа