«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 83 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 83 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 457 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа