«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1321 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1321 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
170-тармақтың бірінші бөлігінің «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы» ашық жолағында жасасқан шарттың талаптарына сәйкес жеткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атаулары көрсетіледі;» деген он жетінші абзацы алынып тасталсын;
188-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның немесе мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынған деректер негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесі жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар), ерекшеліктер бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа