«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1349 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1349 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
12 «Көлік және коммуникация» деген функционалдық топта:
215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген әкімші бойынша:
002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» бағдарламасында:
004 «Сыртқы көздер есебінен» деген кіші бағдарламаның 3-бағанында:
«67 510 686» деген сандар «67 169 362» деген сандармен ауыстырылсын;
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізді қайта жаңарту» деген жолдағы «67 510 686» деген сандар «67 169 362» деген сандармен ауыстырылсын;
005 «Ішкі көздер есебінен» деген кіші бағдарламаның 3-бағанында:
«47 730 785» деген сандар «48 572 109» деген сандармен ауыстырылсын;
Демо – версия документа