«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 1027 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 1027 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Үкіметгік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитгерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
керсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:
мынадай мазмүндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау жоспарланатын қаржы жылына белгіленген республикалық бюджет тапшылығының көлемі өзгерген жағдайда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.»;
«Мемлекеттік» деген сөз «Бюджеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«1» деген сан «15» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджетгік өлшемдер өзгерген жағдайда республикалық бюджетгі тиісті каржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті жылға арналған лимиті жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірісінің, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемдерін негізге ала отырып қалыптастырылады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа