«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1043 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
кестенің 1-бағанында:
мәтін бойынша:
«Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Индустрия және сауда министрі» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің төрағасы» деген сөздер «Байланыс және ақпарат министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Энергетика және минералдық ресурстар министрі,» және «, Энергетика және минералдық ресурстар министрі» деген сөздер алып тасталсын;
«Әскери саладағы мәліметтер» деген 1-бөлімде:
алтыншы және он бірінші абзацтардағы «Индустрия және сауда министрі,» деген сөздер алып тасталсын;
оныншы, он екінші, он үшінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтар «, Мұнай және газ министрі» деген сөздермен толықтырылсын;
он төртінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы абзацтар «, Республикалық ұланның қолбасшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтар «, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма бірінші абзацтағы «, Білім және ғылым министрі» деген сөздер алып тасталсын;
«Экономика, ғылым және техника саласындағы мәліметтер» деген 2-бөлімде:
Демо – версия документа