(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.08.04 Ж. № 826 ҚАУЛЫСЫ
Әскери қызметшілердi, iшкі істер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарына іссапарға жiберу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 826 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерiн (бұдан әрi - iссапарға жiберiлген тұлғалар) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне iссапарға жiберу Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кесiмi негізiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарында айқындалған мiндеттердi орындау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлігі, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi қызметкерлерiнiң тиiстi санаттары үшiн белгіленген лауазымдық жалақылар, сондай-ақ әскери (арнайы) атағы бойынша қолданыстағы заңдарда белгiленген жалақы (қосымша төлем) төленедi.
3. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен лауазымдық жалақыға негiзделе отырып жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа