Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ 1992.24.04 № 2 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысы

(2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 3 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 3 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қылмыстардан жәбiрленген адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн реттейтiн заңды соттардың қолдану практикасын талқылап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Соттардың назары олардың Конституция кепiлдiк жасаған жәбiрленушінің жеке басына, оның саяси, еңбек, тұрғын үй және басқа жеке және мүлiктiк құқығы мен мүдделерiне қоғамға қауiптi қол сұғушылықтарды қарау жөніндегі қызметтерiнде жәбiрленушiлердiң құқықтық қорғауын қамтамасыз ету деңгейiн төмендететiн түйiндi кемшiлiктер бар екенiне аударылсын.

2. Соттар жәбiрленушiлердiң оларға жүктелген, шақыру бойынша келу және шындықты айтып жауап беру мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қатал және дәйектілікпен сақтау iс бойынша шындықты анықтауға және заңды, дәлелдi әдiл шешiм қабылдауға көмектесетінін ескерулерi қажет.

ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 3 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қоғамға қауiптi iс-әрекеттен моральдық, дене немесе мүлiктік зиян оған тiкелей келтiрiлген әрбiр адам, қылмыс жасаған адамның анықталғанына, оның жауапқа тартылғанына байланыссыз жәбiрленушi болып, танылады. Аяқталмаған қылмыстық әрекеттер жөніндегі iстер бойынша (қылмысқа даярланғандық, қылмыс жасауға оқталғандық) жәбiрленушi болып оған моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян нақты келтiрiлгенде ғана танылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку