Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 709 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 709 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы»;

1-тармақта:

«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан» деген сөздер «Мұнайдан» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «Индустрия» деген сөз «Экономикалық даму» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкалары белгіленсін.

3-1. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары:

1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне;

2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.»;

3-2-тармақта:

«Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Мұнай және газ» деген сөздермен ауыстырылсын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку