Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 885 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 688 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 885 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 688 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

14-тармақтың екінші бөлігінде «осы Ереженің 9-12-қосымшаларына сәйкес» деген сөздер «қоса берілетін есептеулермен және негіздемелермен осы Ереженің 10-12-қосымшаларына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімдігі жергілікті бюджет туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін 8 жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку