Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;

2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Алматы қаласы және Алматы облысының коммуналдық меншігіне;

3) «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының коммуналдық меншігіне;

4) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Маңғыстау және Атырау облыстарының коммуналдық меншігіне;

5) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының коммуналдық меншігіне;

6) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;

7) «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының коммуналдық меншігіне берсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции