Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«43988 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1208 Қаулысы (2014.27.06. берілген өзгерістермен)

«43988 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1208 Қаулысы

(2014.27.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «43988 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекеменің Жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                   

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции