Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ПЛЕНУМЫ 1995.21.07 № 4 ҚАУЛЫ

«Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу,
атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы 1995 жылғы 21 шілдедегі № 4 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 22 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алу, алып жүру, сақтау жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз сақтау туралы iстер жөніндегі сот тәжiрибесiн талқылап, Жоғарғы Сот Пленумы осы санаттағы iстердi негiзiнен дұрыс шешетiндiгiн атап көрсетедi.

Осылармен қатар соттар бұл қылмыстардың барынша қауiптi санатқа жататынын, қоғамдық қауiпсiздiкке, ең алдымен құқығы мен мүддесi заңмен қорғалатын азаматтардың өмiрiне, денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретінін, ал өмiрге қауiп төндiретiн заттарды қылмыстық мақсатта пайдалану ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын әр кезде тиiстi деңгейде ескере бермейдi. Жекелеген соттар әлi де осы қылмыстардың таралу қаупiн жете бағаламайды және жасаған қылығы үшiн жаза берудiң сөздiгiн қамтамасыз етуде және олардың алдын алуда батыл шаралар қабылдамайды.

Сот тәжiрибесi қаруларды және оқ-дәрiлердi сақтауды және оларды қолдану тәртібін реттеудi қамтамасыз етуге бағытталған заңдарды бұзу фактiлерінің республиканың бiрқатар аумақтарында, әсiресе әскери бөлiмдер мен құрамаларда, соғыс техникасы мен қаруларды, арсеналдарды сақтау базаларында едәуiр таралып отырғанын көрсетедi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку