Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 763 Қаулысы (2014.24.09. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 763 Қаулысы
(2014.24.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 633 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 372-1 қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақта:

5-бағанда реттік нөмірлері 2, 3-жолдардағы «Олар қаржылық қызметтерді ұсынуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;

2) ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции