(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.01.06. № 541 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң
«Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 25 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесi жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негізгi мәнi ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн студенттерге берiлген кредиттер бойынша кепiлдіктер беру болып белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен республикалық бюджет қаражатының есебiнен Қоғамның жарғылық капиталын 600000000 (алты жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берудi;
3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа