(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.07.04 Ж. № 791 ҚАУЛЫСЫ
Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар мен даму институттары
директорлар кеңестердiң құрамдары туралы мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 791
Қаулысы
(2006.15.09. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақта:
мынадай:
"Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкімшілігінің Басшысы, төраға;
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Смағұлов Қайрат Молдырахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары;";
"Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмінің меңгерушiсi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi, төраға;";
Редакция документа
Демо – версия документа