Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы  енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2005 жылғы 6 сәуірдегі

№ 310 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетi туралы ереже

(2007.02.03. берілген өзгерістерімен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң құзыретi шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы ережемен өзiне жүктелген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы және уәкілетті органы болып табылады.

Комитеттiң аумақтық органдары - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармалары болады.

2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;

2) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының биологиялық сан алуандығы мен объектілерiн сақтау;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман ресурстарының және жануарлар дүниесi ресурстарының күзетілуiн, қорғалуын, өсiмiнiң молайтылуын және пайдаланылуын, жай-күйiн және қызметiн мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку